Айтарым көп, қалай бастап, не деймін – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Айтарым көп, қалай бастап, не деймін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 649
Айтарым көп, қалай бастап, не деймін,
Ит үреді, иттің несін елеймін?
Сыртқа, жарық дүниеге шыға алмай,
Тұйықталам, тұтқыны боп мен ойдың...
Серпіп ашып, аспанымнан төнсе түн,
Табиғатпен сөйлесер ем келсе тіл.
Ұшып барып, көрсем деп ем көзіммен
Күнім батып бара жатқан жер шетін.
Ойларымнан ауыр тартты арманым,
Сезімімнің шашып алдым маржанын.
Жылдамдатып айналдырып көрер ме ем,
Дөңгелегін уақыт деген арбаның.
Келе жатқан топан су ма, тасқын ба?
Өзегімді толтырды ойлар ашты уға.
Үнім шықпай, тұншығамын талықсып,
Қалғандай сан ағыстардың астында.
Айтарым көп, жыр жазуға ерінем.
Сезім қардай алақанда еріген.
Көкірегімді көпір етіп үстімнен
Көшіп бара жатыр өмір керуен.
Қасіреттің көз жасына гүл шығып,
Ауыр тартып барады ойлы тіршілік.
Кешір елім, тіл қатуға кешіксем,
Уақыт, хабар тасқынына тұншығып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтарым көп, қалай бастап, не деймін өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Айтарым көп, қалай бастап, не деймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтарым көп, қалай бастап, не деймін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтарым көп, қалай бастап, не деймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері