Бәйтерек – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бәйтерек» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 2445
Берді оған күн де, жер де, ай қорек,
Өсті дара кең далада бәйтерек.
Табиғаттың қысқы дүлей дауылын,
Күздің желін, жаздың нөсер жауынын.
Жалғыз бәрін өсті терек қарсы алып,
Өзін бірақ көрсетпеді жар салып.
Өскен сайын санады өзін ол төмен,
Жамылған соң аспан асты көрпемен.
Мен сезгемін бала күннен қашаннан,
Ол ертерек айрылатын жасаудан.
Ұшырып ап көктем деген ай құсын,
Тартатұғын іштей сыңсып қайғысын.
Беріп ұдай күн де, жер де, ай қорек,
Өсті дара кең далада бәйтерек.
Ұлылық сол о, достарым, өзгеден
Дара болып, даралығын сезбеген...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәйтерек өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бәйтерек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәйтерек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәйтерек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері