Естайды еске алу

Бұл бетте «Естайды еске алу» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1313
Қорландай асыл жарды арман еткен,
Аһ ұрып, ақын Естай зарлап өткен.
Қабағы тас түйілген тағдыр барда,
Қай кезде дегеніне пенде жеткен?
Талайлар айыға алмай қасіреттен,
Қаулаған қызыл өртті кешіп өткен.
Өмірде Естай ғана жалғыз әнмен,
Бір қызға бар жігітті ғашық еткен.
Жаңғыртып ұлан­-байтақ кең өлкесін,
Шырқайды ұрпақ мәңгі ән еркесін.
Бұл күнде аласұрып мына біз де,
Қорланның іздеп жүрміз көлеңкесін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Естайды еске алу өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Естайды еске алу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Естайды еске алу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Естайды еске алу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері