*** – Арайлым Мұраталиева

Бұл бетте «***» атты Арайлым Мұраталиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өмір маған ұнайды соңғы кезде,
Соңғы кезде жібіді тоң мінез де.
Сені ғана ойлаймын бұл күндері,
Керегі жоқ секілді жанның өзге.

Жо-жоқ...керек; дос, бауыр, ана керек,
Және сенің орының алар ерек!
Бұл алғашқы өлеңім өзің жайлы,
Өзім жайлы бұл да бір жаңа дерек.

Шақырғаның есімде алғаш биге,
Билеп едік сезімге сәл мас күйде.
Алматыда көрінген Тау сенбісің?
Айналып кеттім бүгін мен Каспийге.

Ұнайды зор талғаммен киінгенің,
Керек болса, айнаның күйіндемін.
Керек болса, іштегі мұң боламын,
Мінезім бар осындай қиын менің!

Сүйгені үшін соғылған тасқа басы,
Ғашық жанның емес қой пәс бағасы.
“Жүрек” деген сөз шығар ең әсерлі,
Жүрек деген - сезімнің астанасы.

Сендік құрмет бағамды биік еткен,
Көңілімде жиі жаз, жиі көктем.
Өмірің жақсарады, білесің бе,
Осы өлеңнің авторын сүйіп өтсең...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

*** өлеңінің авторы кім?

Арайлым Мұраталиева — осы өлеңнің авторы.

*** өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

*** өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арайлым Мұраталиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

*** өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері