Дауылдан соңғы көрініс – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Дауылдан соңғы көрініс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 549
Дауылдан кейін
Алып Қаламыз
Айра-жайра боп
Шашылып қалған...
... Бір бағана
Бір бағанаға ілініп
Асылып қалған.
Қара дауыл
Темір денелі
Антенналар мен
Жайтартқыштарды
Жер қаптырған.
Бір ағаштарды
Олай лақтырған,
Бір ағаштарды
Былай лақтырған.
Кеше ғана
Жарқырап тұрған
Қайран шатыр,
Енді, міне
Жерге құлап,
Қамырдай иленіп,
Жайрап жатыр.
Қисайып қалған
Мұнараларың
Бейшара құсап
Сүмірейіп тұр.
Быт-шыты шыққан
Терезе, есіктерің
Үрейлі үңгірлердей
Үңірейіп тұр.
Құтырған дауыл
Қаланы – аяусыз! –
Қақ жарып, тілгендей, –
Бір жерін қайырып,
Бір жерін түргенлей...
...Әйтеуір қалаға —
Неге екені белгісіз —
Астын үстіне шығарып,
Үстін астына түсірген
Аса дөрекі
Тінту жүргендей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауылдан соңғы көрініс өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Дауылдан соңғы көрініс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауылдан соңғы көрініс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауылдан соңғы көрініс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері