Бекет ата басында – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бекет ата басында» атты Темірхан Медетбек жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1687
Астасатын Үстірттің қиырымен,
Басталатын алып ой бүйірінен.
Бекет Ата басында арқар деген
Үйірімен жүреді, үйірімен.

Тәкаппарлық, паңдық бар қарасында,
Ескерткіштей кұйылған жарасымға,
Қауіп сезбей тұратын емін-еркін
Ақар-шақар тастардың арасында.

Емін-еркін секіріп тау-тасынан,
Қарап тұрар жартастан, жар басынан.
Адамдарды бұл жерде ол туыс көріп,
Маңғаз басып өтеді дәл қасынан.

Бұл жерде арқар айналған асыл аңға,
Тимейді оған таңқы да, тасырың да.
Оларды ешкім шошытып, қорқытпайды.
Оларды ешкім атпайды осы маңда.

Ішін кезіп таулардың ұзын көштің,
Демес мұнда аңдардың ізін кестім.
Қонып жатқан, қайтадан ұшып жатқан,
Үркітпейді бұл жердің кұсын да ешкім.

Бұл жерде адам жат ойды аластайды,
Өтірік те, өсек те жақ ашпайды.
Бұл жерде адам даурығып, таласпайды.

Осы жердің тау-тасын кезіп кеттім.
Кезіп кеттім, қаншама ой сезіп кеттім:
Кей адамнан безінсем, келер кейде
Бекет Ата жағына көшіп кеткім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бекет ата басында өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бекет ата басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бекет ата басында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бекет ата басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері