Телеграф сымы үзілген жерде – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Телеграф сымы үзілген жерде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 929
Жатты үзiлiп телеграфтың бiр сымы,
жатты үзiлiп қан тамыры әлемнiң.
Шыр айналған уақыттың ұршығы
қалды осында тұншығып.
Бай-
ла-
ныс-
шы,
қайдасыңдар, жетiңдершi тезiрек!
Дәрiгерлердей
жалғаңдаршы телеграфтың сымдарын, –
жалғаңдаршы қан тамырын әлемнiң.
Жараланды дүние!
Қайдасыңдар,
жетiңдершi тезiрек.
Бiр тамырын берейiн мен суырып
осынау сүмбiл денемнiң,
жалғаңдаршы қан тамырын әлемнiң.
Сымдар, сымдар кеңiстiктi әжiмдеп
дүниенiң денесiне оралған
үзiлдi ме дауылдардан, бораннан;
суырылып құйылғанда жан-жақтан
жiп-жiңiшке өне бойын аралап
қайғылы бiр хабар өткен кезiнде
үзiлдi ме алапат бiр салмақтан.
Жалғаңдаршы тезiрек!
Дүние тұр құшағында қауiптiң,
бұрқ етердей кетсе егер сәл ауытқып,
Бағаналар сирағына жармасып,
жалғаңдаршы тезiрек!
Бал тыныштық тұру үшiн қозғалмай
барлық ел, барлық адамзат
бiр-бiрiмен жату керек жалғасып,
бiр-бiрiне қарау керек көз жазбай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Телеграф сымы үзілген жерде өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Телеграф сымы үзілген жерде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Телеграф сымы үзілген жерде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Телеграф сымы үзілген жерде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері