Көкпар

Бұл бетте «Көкпар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1986
Кім береді тізгінді ақылына,
Дода көрсе төнеді атын ұра.
Қалың топты қақ жарып, ойхой, шіркін,
Серке санын басады ол тақымына.
Қыз-келіншек шоқтай боп төбедегі,
Қаздай бойлап қызыққа кенеледі.
Мұндайда ма, мұндайда әр бозбала –
Көз жазбайтын әр қыздың көбелегі.
Бір сәйгүлік жұлындай суырылып,
Әкетті, әне, намыстың туын іліп.
«Кім екен, ә?» – дегенде топ ішінде
Бір қаракөз күлімдер мұны біліп.

1967


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкпар өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Көкпар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкпар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкпар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері