Ез – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ез» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1848
Сана бар – теңізді де көл дейтұғын,
Көздер бар – көк тиынды көздейтұғын.
Маңдай бар – қап көтермей терлейтұғын,
Тілдер бар – шағып алып сөйлейтұғын.
Сөздер бар – терісті де жөн дейтұғын,
Мұрын бар – бықсықты да сезбейтұғын.
Құлақ бар – шындыққа да сенбейтұғын,
Құлаш бар – сермеуге де келмейтұғын.
Қолдар бар – бар болса да бермейтұғын,
Кеуде бар – менменсіп сай өрлейтұғын.
Арқа бар – ауырлыққа төзбейтұғын,
Адым бар – секірсе де өнбейтұғын,
Аяқ бар – жетектесең желмейтұғын.
Осылардан бітімін құрап алып,
Арамызда біреу жүр «ез» дейтұғын...

1967


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері