Аядым – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Аядым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3944
Қара тайым тым жүрдек,
Желе аяңдап басады.
Тартсам дағы тізгіндеп,
Бой бермейді басы әлі.

Қолы түсіп қалар деп,
Орынсыз көп шаппаймын.
Тойда бәйгі алар деп,
Сұлы беріп баптаймын.

Қоюшы едім шідерлеп,
Бекітіп үш аяғын.
Бос жібердім жүдер деп,
Бүгін өзін аядым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері