Өлең, жыр, ақындар

Бостандық

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 3
  • 33870
Жер жүзін қан басқанда,
Көбігі шығып аспанға,
Жын жолдас боп адамға,
Туралық, теңдік ұмытылып,
Інжід, құран жыртылып,
Жатқанда жерде - табанда.
Қызыл қанға мас болып,
Жүрегі қара тас болып,
Айрылып естен адамзат,
Ұмытып мейрімді иесін,
Сойып салық түйесін,
Тәңірісі боп Лат, Манат,
Жүргізіп ібіліс әмірін,
Жауыздық жайып тамырын,
Өршіп өтірік, дұшпандық...
... Көк есігі ашылды,
Жұмақ нұры шашылды,
Келді ұшып бостандық.
Ғарыш нұрлы жүзі бар,
Кәусар, жібек сөзі бар,
Әдемі, алмас ақ қанат.
Жануарлар жердегі,
Ынтасы - жақын көрмегі,
Таңырқады анталап.
Аппақ нұрға оранып,
Ақырын ғана дем алып,
Құрметпенен тұрысты.
Сәуле көрмей, шеккен зар,
Аш-жалаңаш сорлылар
Қуанысты, күлісті.
Тез жалындап суынған,
Жұмақтан да қуылған,
Адамзат бір әуреде.
Есін жиып күйленіп,
Әбден бойы үйреніп
Алғаннан соң сәулеге,-
Баяғысын бастады,
Ұжданды былай тастады,
Бостандықта жоқ жұмыс.
Зар еңіреді талай жан,
Сел боп ақты қызыл қан,
Өтірік, талау, өлтіріс.
Шірік жүрек сасықтар,
Арамдыққа асықтар
Жетілді, жетті мұратқа.
Қыбырлаған қоңыздар,
Қорсылдаған доңыздар
Көктен келген қонаққа
Тілін, қолын тигізді,
«Сасық сайтан» дегізді,
Жауыздық тағы өрледі.
Ізгі елшісі жұмақтың -
Қасиетті қонақтың
Ақ қанатын кірледі.
Қыбырлаған қоңыздар,
Қорсылдаған доңыздар,
Тілегің болды - қуан, құл.
Бостандық - ізгі періште
Кетпекке ұшып ғарышқа,
Ақ қанатын қомдап тұр.



Пікірлер (3)

мағжан

сезім кылып жазыпды жыйсын

Жарқынай

Жаксы аитылған сөздер маған ұнады

Ерлан

Мағжан Жұмабаевтың Бостандық өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Қойлыбайдың қобызы

  • 1
  • 25

Ертеде ел бар екен калын Найман,
Қытайға қалың Найман қанат жайған.
Қалың Найман ішінде Бағаналы,
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.

Толық

Жарым

  • 1
  • 3

Кердең-кердең жүресің сен, не таптың?
Мен айтайын - айнымайтын жар таптым.
Күндіз-түні жар қойнында жатамын,
Естімеймін уын-шуын жан-жақтың.

Толық

Қарағым

  • 1
  • 10

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңiл берме.
Оқымай ойын қуған балаларға.
Мағжан Жұмабаев

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер