Күнде ертең деп – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Күнде ертең деп» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күнде ертең деп, күн артынан күн өтті,
Күйбең тірлік, күйрек ойлар жүдетті.
Алматыға көшем-көшем деуменен,
Жаз да жылжып, жабығыңқы күз өтті.
Жарау атты, сабау қамшы, салт басты,
Болмаған соң, арман-түлкі жалт қашты.
Шыр айналған тұғырында тұйғындай,
Шыр айналып шыға алмадым отбасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері