Дауыл – Ермахан Шайхыұлы

Бұл бетте «Дауыл» атты Ермахан Шайхыұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Есікті сабалап,
Дол жел ұрады.
Жел үні қарашы,
Құлақта тұрады.

Жүргендей көп іздеп,
Біреуді таба алмай.
Есікті қағады,
Бейне бір адамдай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері