Талап – Ермахан Шайхыұлы

Бұл бетте «Талап» атты Ермахан Шайхыұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1000
Ұядағы балапан қақты қанат,
Қарға емес, қыранға өзін балап.
Көтерілсем дей берді биігірек,
Енді қатқан қанаты – жаңа талап.

«Ассам» деді енді ол таудан биік,
Қаға түсті қанатын иіп-иіп.
Бірте-бірте биікке самғай берді,
Ерік бермей жас талап, балаң үміт.

Шаршаса да ол өзі қанат талып,
«Қонам» деді шыңына таудың барып.
Жетеді ме көздеген межесіне,
Жетер бәлкім ұша алса, бұлт жарып.

Ұядағы балапан қақты қанат,
Қарға емес, қыранға өзін балап.
Жас қанат та жетеді мұратына,
Болса егер таудан да биік талап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері