Жарқыра, Күн! – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жарқыра, Күн!» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1922
Жарқыра, Күн!
Мен бүгінде көктеммін, таң – тұрағым!
Бұл әлемде жабырқап жүргендерге
бір жақсылық етсем деп талпынамын.
Жүректе – сүйікті елес,
мәңгілік Күн – жанымда, биікте емес.
Бұл әлемде ең биік – Адам ғана,
мұңдануға ешкім де тиісті емес!
Жанымда – қуаныштар,
қуанышқа ілескен бұла күш бар;
көшіп келіп көңіліме көкжиектер,
жақындаған секілді бір алыстар.
Ұғынбадым,
ұғып жатар шамам жоқ мұның бәрін.
Сен арқылы әлемге шаттық шашып,
дүниенің сіңірдім нұрын, нәрін,
сен арқылы қуаныш құлындадым.
Қайдам, мұнда сенің не сырың барын.

1983


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері