Йабақыларға қарсы күрес жырлары – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Йабақыларға қарсы күрес жырлары» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.01.2022
  • 0
  • 0
  • 990
(аударма)

Будыраштар да құтырып,
алпауыт ерлер жұтынып,
жорыққа шықты жапырып,
қанымызды біздің төкпекке.
Тасаға дұшпан тірелді,
біздерге елші жіберді,
қабағы қатып түнерді.
Батырлар біздің жиылды.
Тасалап келді жылғаны,
жауласу жанын тырнады,
ағайыншылық қылмады.
жан-жақтан әскер кұйылды.
Ертістің суын жайлаған,
найзасын кекке кайраған
Имектер 2 серттен таймаған,
бет алар бізге олар да.
Қелісім жасап сынады,
серттесіп уәде қылады,
ханнан көмек сұрады.
Басмылдар да жиылды.
Күн аптабы есті алар,
бізді сынап қас болар,
қара көзге жас толар,
халыққа сонда қиын-ды.

МАХМУД ҚАШҚАРИ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері