Өмiрдi кiтап демес кiм – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Өмiрдi кiтап демес кiм» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 794
Өмiрдi кiтап демес кiм,
Тағы бiр бетiн қайырдым.
Түкке де дайын емеспiн...
... Бәрiне-дағы дайынмын!
Болмасты кейде шүбә ғып,
Сөнемiн.
Қайта от өрем.
Өзiмдi жоққа шығарып,
Лезде көкке көтерем.
Әр күндi жұмбақ өткерiп,
Жаныма табам дауа мың.
Өзiмдi лезде жек көрiп,..
Лезде сүйiп қаламын.
Бәрiнен кейде безiнем,
Көңлiмнен шықпай көргенiм...
... Өзгеге емес, өзiме,
Қарама-қарсы пендемiн...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері