Досқа
Сен кешiр менi...
Кешiре алмасаң өзiң бiл,
Басымды иiп, кiнәмдi бiлген сөзiм бұл.
Салмақтамастан ауыр сөз айтып жiбердiм,
Бiр ұят менiң тұла бойымды кезiп жүр.
Жүрмiз бiз қатар достықтың жүгiн арқалап,
Тұрам ба шыдап құласаң кенет шалқалап?..
Мен сақтандырам «тайып кетпесе екен» деп,
Жолыңнан сенiң кездеспесе деп жарқабақ.
Шақырса сенi бiр биiктен соң бiр биiк,
Көрiнбей көзге қалады, бәлкiм, ылди-ық.
Бүгiн ренжiсу, ертең табысу – өмiр сол,
Өмiрдiң сыры бiз ойлағаннан тұңғиық.
Сен кешiр менi...
Кiнә бар бiрақ сенде де,
Экспонат боп тұрған жоқпыз ғой көрмеде.
Қолыңды ұсын да, арқадан қағып жүре бер,
Бiр түйiн бекiп қалмаса болды кеудеге.
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі