А...-ға – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «А...-ға» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1739
Еркелей ме немене шолжақ па өзі,
Ақылды адам сонымен болмақ па өзі.
Насыбайды ерніне қысып алып,
Жәдігөйсіп, күлгірсіп сол жақ көзі...
Күмпілдейді гуілдеп жыртылғанша,
Он ауызға тұрмастай он қап сөзі,
Берекесіз бейшара қартайғанша,
Басылмай-ақ бір қойды қылжаң көзі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері