Өлең, жыр, ақындар

Қайран, елім-ай, өскен жерім-ай

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 148
Қара жерді, әлемді дүр сілкінткен,
От-бағана атылып көкке жеткен,
Құйын тұрып, аспанда бұлттар жүйткіп,
Бұл не қылған алапат өлім сепкен?!

Дегелеңнің таулары қақ жарылды,
Бабалардың зираты ақтарылды.
Атамекен жұртымыз ойран болып,
Екі көзден тиылмай жас ағылды.

Қайырмасы:
Қайран, елім-ай,
Өскен жерім-ай!
Жайлаған кең алқапты,
Тіріден із қалмапты.
Атпаған таңдарым-ай!
Уланып тәні тозған,
Өмірден ерте озған,
Жазықсыз жандарым-ай!
Қайран, елім-ай,
Өскен жерім-ай!
Беу, дүние-ай!

Жүре алмайтын бүкпесіз, құпиясыз,
Небір апат әкелген елге сансыз.
Бауыр басып, қапыда іштен шалған,
Ұлы елдердің құрбаны болдық-ау біз.

Бұл қорлыққа әрқарай төзе алмаймыз,
Жат елдерге енді құл бола алмаймыз!
Еркін елім, қаһарман ерлер барда,
Болашаққа арайлы жол таңдаймыз.

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өкініш

  • 0
  • 0

Өкініш (Омар Хайям сарынымен)
Қалдым ауырып, жаныма келме жақын,
Бейшарамын, пақырмын емес ақын.
Шот-Аман Уәлиханов

Толық

Шоқан

  • 0
  • 0

Шоқан
Ақыл-ойы, ерлігі елге қорған,
Елім десе жүрегі шерге толған!
Шот-Аман Уәлиханов

Толық

Астана - Ақ Орда

  • 0
  • 0

Астана - Ақ Орда
Еуропа Азияның ортасында,
Қазақтың байтақ Сарыарқасында.
Шот-Аман Уәлиханов

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар