Астана - Ақ Орда – Шот-Аман Уәлиханов

Бұл бетте «Астана - Ақ Орда» атты Шот-Аман Уәлиханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Еуропа Азияның ортасында,
Қазақтың байтақ Сарыарқасында.
Ақмола Астана боп ту көтерді,
Бостандық, тәуелсіздік арқасында.

Даналар, бекзадалар туған керім,
Сәкендей сері туған талдай өрім.
Қорғайлап ар-намысын ата-мекен,
Садағын Хан Кенекем тартқан жерім.

Қайырмасы:
Астана ақ қала,
Астана бақ қала.
Астана жас қала,
Астана бас қала.
Көк туы бар қолда,
Астана Ақ Орда.
Ән болып,
Сән болып,
Ақ арай таң болып,
Жайнай бер бақ Орда.

Арманы, аңсары көп Астананың,
Бүгіннен ертеңі артық жас қаланың.
Еңбегі талантымен жарқыраған,
Жұлдыз көп аспанында бас қаланың.

Ел басы Ақ Ордаға тіккен шатыр,
Қасында нелер саңлақ, нелер батыр.
Есілдің тынбай аққан толқынындай,
Ертеңге бізді бастап бара жатыр.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері