Адамға сірә ұнамас ойдан – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Адамға сірә ұнамас ойдан» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1098
Адамға сірә ұнамас ойдан,
Егіліп ерте жыламашы, айнам.
Кеудеңнен ерке бұлақ аш, айнам,
Түсінбес жаннан тұра қаш, айнам.
Менің де қанша сөгілмеді үнім,
Еріксіз ерте егілме, күнім.
Тағдырдан қырсық жеңілме, күнім,
Гүліндей қырдың төгілме, күнім.
Қасыңда болман күнде мен, еркем,
Досым көп мені күндеген ертең.
Жайраңдап маған еркелей сөйлеп,
Ешкім де әлі жүрмеген, еркем.
Қасыма жақын келмеген де адам,
Шай құйып ешкім бермеген маған.
Мойнымнан құшып, сүймек түгілі,
Өмірі мені көрмеген балам.
Егіліп ерте жыламашы, айнам,
Көңіліңнен маған бұлақ аш, айнам.
Еркелеп келші қасыма менің,
Тазарсын дерттен, мына бас ойдан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері