Ақ қарға жаздым атыңды – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Ақ қарға жаздым атыңды» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 2876
Атыңды жаздым ақ қарға,
Үйінен шыға көрсін деп.
Асығып бара жатқанда,
Аялдап көңіл бөлсін деп.
Ақ қарға сені теңгердім,
Ғарыштан келім қонатын.
Арымдай саған сенгенмін,
Кеудемде шамдай жанатын.
Беймәлім көрдің, көрмедің,
Нәр алғам тәтті күйден мен
Қасыма бірақ келмедің,
Баруға мен де именгем.
Балалық шақта кез кеппін,
Ыстық-ақ еді мекенің.
Атыңның сонда сезбеппін,
Ақ қармен еріп кетерін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері