Ғашығымның дидары – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Ғашығымның дидары» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1083
Не болдым адам болып туылғанда,
Келмейді маған бақыт жуыр маңда.
Сілікпем шығып тағы қалжырадым,
Қарағым, ішетұғын уың бар ма?
Естімей қояр ма екен зарымды Алла,
Бұрылар қайсың барсың жарымжанға?
Тұншықтым, тұраладым қапалық тан,
Қарғам-ау, ішетұғын зәрің бар ма?
Алтын айға ұқсатамын ғашығымның дидарын,
Сиқырлаған сұлу бұлақ саясында тұр жаным.
Өлігім де, тірлігім де бір өзіңнің еркінде,
Бұйрығы не болар екен – айтылар ма иманым!
Қожа Хафиз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері