Көлеңке – Алматбек Сақтаған

Бұл бетте «Көлеңке» атты Алматбек Сақтаған жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жарқырап күліп,
Жадырап тұрып,
Жүрегім менің жылайды.
Адамға сеніп,
Адамдар сатып,
Адамға сенім болмайды.
Күшіңді тығып,
Биікке шығып,
Қайғыдан жаным құлайды.
Біреуге ғашық,
Жүрегім асық,
Сезімнен жаным тулайды.
Жассын ғой әлі,
Емессің кәрі,
Шаршайсын сен қазірден.
Істегің келмей,
Жалқаулық жеңбей,
Еңбекке көңіл болмайды.
Алдыңда мақсат,
Болсыншы жақсы ат,
Анаңның алтын баласы.
Дейтін сөздерге,
Ілінгің келсе,
Жалқаулық жаман,
Боласың надан,
Еңбек ет, жеміс жегенше.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар