Өлең, жыр, ақындар

Жиналыстан кім қалыс

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1272
* * *
Абыл - құбыл Асанов келді,
Жиналыс бітуге тақалып келді.
Сырттың қызуы ма,
Іштің қызуы ма?
Беті қызарып жасарып келді,
Асылған ас көп,
Қойылған бас көп,
Сонан зорға босанып келді.
* * *
Ебіл - тебіл Есжанов келді,
Бір жарым сағат кеш қалып келді,
Тұрлыбаев оның соңынан,
Тоя жеген етті алып келді,
Құр етпен келмей, қызара бөртіп —
Қызулы біраз лепті алып келді.
* * *
Жиналыстың соңында,
Келіп жетті Тұрғанбай.
Алқынып тұр аптығып,
Қайнап тұрған құмғандай,
Маңдайынан су шығады,
Аузын ашса бу шығады,
Ішінде ыстық тұрғандай...
* * *
Бекен мен Есен
Жиналыс біткенде келді.
Неге олай десем,
Түскі тамақ піскенде келді.
Жақан мен Апай,
Көрінбей ғана тығылып келді.
Асыққан Шоқай,
Есіктен жығылып кірді.
Амалсыз тұрды,
Амалсыз күлді,
Бірақ,
Айнала сұрақ:
— Ремонт бітті ме?
— Ұстам жоқ.
— Көң төгілді ме?
— Ескі қыстау жоқ.
— Көпір салынды ма?
— Оған ешкімнен нұсқау жоқ.
Сөз онымен біткен жоқ,
Сұрау деген тіптен көп:
— Егін егесің бе?
— Оған да еш дау жоқ.
— Жүгері себесің бе ?
— Оған да нұсқау жоқ.
— Ауданға овощ керек ?
— Ол үшін помощь керек.
— Тағы не керек ?
— Әрине, жеміс керек.
— Ол үшін не керек ?
— Ол үшін қол ұшың керек.
* * *
Соны айтумен Шоқай шықты,
Бітірем деп Тоқай шықты.
Жиналыс бітті,
Үйді-үйіне зытты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ә...-ге

  • 0
  • 0

Мінезің бар одағай дүңк ететін,
Өз пайдаңның таппасаң, бір төтесін...
Опыр-топыр ұрда жық мінезіңнен,
Бір күн әлі-ақ шойрылып дүрс етесің.

Толық

Көктемгі көріністер

  • 0
  • 0

Майдың майда лебін сүйіп
Жаздың сұлу жапырағы,
Гүлге бөлеп айналаңды,
Бұлбұлы әнмен шақырады.

Толық

Ат үстіндегі айқас

  • 0
  • 0

Майса құрақ шабындық та
Тұр бөленіп таңғы шыққа.
Жел қозғалса толқынданып,
Жел басылса тынышталып,

Толық

Қарап көріңіз