Өлең, жыр, ақындар

Насихат

Жасың асып қырықтан,
Елуге барып қалғанда.
Не жасадың Алла үшін,
Бес күндік мынау жалғанда.
Өтіп кетті талай жан,
Жете алмай мақсат арманға.
Амалмен адам ақталар,
Алла алдына барғанда.
Ең басты амал намазың,
Сонымен басым таразың.
Иманды болсаң тақуа,
Жаннатқа сөзсіз барасың.
Харамға жолап адасып,
Алмағын Алла наласын.
Арақ-шарап ішкен соң,
Тозақта мәңгі жанасың.
Насихат етіп айтайын,
Ендеше сөздің сарасын.
Ол баста пәк қып жаратқан,
Аллаһым адам баласын.
Құлы болып нәпсіңнің,
Күнәға өзің барасың.
Ұл-қызың өсіп қалғанда,
Не абырой табасың.
Сен жүрсең татып харамнан,
Ұят қой ұл-қыз балаңнан.
Қандай ақыл айтасың?
Тазармаған санаңнан.
Алдымен өзің тазарғын,
Бойдағы бүткіл харамнан,
Жүрекке иман кірпіші,
Намаздан бастап қаланған.
Айталмайсын тоқта деп,
Ажал кеп алса жағаңнан.
Бұл өмір білсең тек қана,
Сынақтардан жаралған,
Алла алдына күлімдеп,
Иманды ғана бара алған.
Әр пенденің жағдайы,
Қыл көпірде қаралған.
Аяғы таймай көпірден,
Намазы барлар өте алған.
Араққа серік болғандар,
Қап кеткен сонда қатардан.
Тозаққа түсіп өкініп,
Нәжіске сасық маталған.
Тозақта солай қор болған,
Бұл жақта жүрген қаһарман.
Келгенмен жасың елуге,
Күш жоқ па нәпсіңді жеңуге.
Өзіңде күнә боп тұрып,
Қалайша ақыл айтасың,
Адал бол деп біреуге.
Бүгіннен кіріс бауырым,
Алланың бес парызын,
Түгелдей толық төлеуге.
Ақтамауға парызды,
Орын жоқ ешбір желеуге.
Себебі сені ап келген,
Аллаһым ғой өмірге.
Кешіріңдер егерде,
Сөздерім тисе көңілге.
Тоқ етерін айтқанда,
Күнәға батып семірме.
Алла алдында өкініп,
Бармағыңды кемірме.
Иманың мықты болсыншы,
Ұқсаған шойын темірге.
Дайын болып жүрген жөн,
О дүниедегі өмірге.
Алладай ұлық зат барда,
Шайтанға досым жеңілме.
Жүрегіңде ар болса,
Сөзімді ұққын көңілге.
Шүкір етіп жасағын,
Өмірге мынау түңілме.
Сабыр түбі сары алтын,
Өлмей жатып көмілме.
Хаһ жолмен жүр ендеше,
Нәпсіңе тегі берілме.
Арақ ішіп масайрап,
Күштімін деп керілме,
Тек өзіңді ойлаумен,
Өрге қарай өрілме.
Сүйектен өтсе сөздерім,
Ренжіп маған түңілме.
Айтарым досым тек қана,
Екі дүниеде сүрінбе!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құтты болсын құрбан айт!

  • 0
  • 0

Шалынып бүгін құрбандық,
Алланы және еске алдық.
Арқасында Алланың,
Бұл күнге де кеп қалдық.

Толық

Қарап көріңіз