Тартпасын елім тауқымет

Бұл бетте «Тартпасын елім тауқымет» атты Ерлан Ахмет жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Аңсаған бостан арайын,
аптап күн қақтап самайын.
Таразы көңіл тыншытпас,
тағдырдың тартқан талайын.

Шырылдап бала қолында,
ел-жұрты қалып соңында,
егіліп кете барды ғой,
айырмай оң мен солын да.

Болғанда жұмыр бас қайғы,
қастанып жолдан дос тайды.
«Ау» десе жау боп көрінер,
қарысқан жағын ашпайды.

Шындықты айту арман боп,
адал жан көп те қалған жоқ.
Дүние мынау жалған боп,
шынықты адам тарлан боп.

Өздіктен түспес көктегі,
еңбекпен ғана көктеді.
Асырап, баққан отбасын,
үйде – адам,
түзде – көкбөрі.

Бір үзім нанды бөліскен,
бір шыны суды тең ішкен.
Адасып кеткен туғандар,
қауышып қайта көріскен.

Тарихы оның терең-ді,
адамзат бұған таупық ет.
Еңсесі биік ел енді,
тартпаса екен тауқымет.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тартпасын елім тауқымет өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Тартпасын елім тауқымет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тартпасын елім тауқымет өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тартпасын елім тауқымет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері