Өлең, жыр, ақындар

Құтты болсын құрбан айт!

Шалынып бүгін құрбандық,
Алланы және еске алдық.
Арқасында Алланың,
Бұл күнге де кеп қалдық.

Шүкір де соған тірісің,
Құлдардың сен де бірісің.
Үмітің болса бейіштен,
Иманды болсын жүрісің.

Құтты болып айтың,
Құранмен тілді байтың.
Ендеше жығыл намазға,
Иманды болсын мәйітің.

Намазға жығыл ерінбе,
Парызың ғой сенің де.
Алланың жаман қаһары,
Бейнамаз боп көмілме.

Бұл өмірің тек сынақ,
Бары-жоғы бес күн-ақ.
О, дүниеде бұйырсын,
Сағанда досым бір жұмақ.

Іштің-жедің харамды,
Тазартқын енді санаңды.
Қорыққын енді Алладан,
Гөрдің іші қараңғы.

Тыя біл енді нәпсіңді,
Қолыңа ал тәспіңді.
Аллаға жақын адам бол,
Күнәңді тоқтат әр күнгі.

Ақылым емес бұл саған,
Жай ғана сөзім жолдаған.
Аллаға жақын болсайшы,
Арманың көп қой аңсаған.

Жолама тегі харамға,
Көріп тұр оны балаң да.
Нәпсіңнің құлы болғанша,
Алладан қорқып алаңда.

Бізде де болды көп күнә,
Болмайды пенде бей күнә.
Қанша жыл өтті бекер бос,
Қарашы жайлап артыңа.

Дайындал енді О жаққа,
Кіремін десең жұмаққа.
Иманды болып өткен жөн,
Имансыздар тозақта.

Айтты деме көп ақыл,
Жас емессің сен ақыр.
Бәрін тастап бүгіннен,
Намаз оқып тоба қыл.

Қате болса сөзімде,
Таңдауың бірақ өзіңде.
Ешқандай сезім жетпейді,
Намаздағы сезімге.

Айттым қойдым досым деп,
Аллаға жақын болсын деп.
Мені де Алла жаратқан,
Осылай сауап алсын деп.

Құтты болсын және бір,
Бүгінгі құрбан айтың.
Белгісіз қалған ғұмырды,
Имандылықпен байтың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Насихат

  • 0
  • 0

Жасың асып қырықтан,
Елуге барып қалғанда.
Не жасадың Алла үшін,
Бес күндік мынау жалғанда.

Толық

Қарап көріңіз