Өлең, жыр, ақындар

Мұқағалиге арнау

Мұқағали- поэзияның патшасы,
Ілініп тұр ол жайында естеліктер тақтасы.
Жатқан жерің жайлы болсын жыр атам,
Ашық болсын бір өзіңе жәннәтімнің қақпасы.
Шабыт болды сенің мықты жолдасың,
Бір Жаратқан мәңгілікке қолдасын.
Қабіріңді нұр мен жылу жылытсын,
Тәнің сенің ешқашанда тоңбасын.
Әр сөзіңде болды сенің мазмұндар,
Түсінбеді кейбір хайуан азғындар.
Сағынады сені жұртың қазағың,
Сағынады алтын күнде саз құмдар.
Әр жырыңда бір керемет ғанибет,
Ей,бауырым жыр атаңды тани кет.
Мұқағали атаңның өлеңдерін,
Жүрегіңмен түсіне біл қари кет.
Мен өзіңе "Жыр атам" деп ат қойдым,
Жүрегіме жырларыңды сап қойдым.
Сені ата санамнан еш кетірмей,
Бір өзіңе арналатын хат қойдым.
Өлеңдерің сана менен жүректерге тиеді,
Жас ұрпағың саған тәнті,саған басын иеді.
"Нағыз қазақ, қазақ емес
домбыра" болса егерде,
Сенің жырың үн беретін домбыраның тиегі.
Сенің атың секілді Мұқағалилар өсуде,
Дайындап жатыр ескектерін өмірде мынау есуге.
Ұқсағысы келеді жас ұрпақ "Жыр атасына" еліктеп,
Сен сияқты жыр менен ғажайып ғұмыр кешуге.
Менде мынау өзіңе ұқсағым келеді,
Шабытым менің түрлі жырлар тереді.
Сенің есімің менімен бірдей болмасада,
Ақын болып қалу керек мына өмірге керегі.
Ғашық болдың Фаризадай аруға,
Ие болдыңыз шабыттай мықты қаруға.
Ол үшін сен дайын болдың бәріне,
Жан берісіп қамалды бұзып алуға.
Ғашық болу бір ғажайып адамға,
Тек бір жан тұрады жаңғырып сенің санаңда.
Ақылың менен жүрегіңмен кеңесіп,
Ойланып барып алдыға қарай қадамда.
Абай атам айтқандай: "Болмасаңда ұқсап бақ",
Жүре берсін жырларыңды жас өрендер құшақтап.
Ұмытылмай мәңгі қалсын санада,
Шабытыңды жоғалтпастай тұсап бақ.
Жүректерде "Жыр атамыз" мәңгі бақи сақталады,
Жазылады өзіңе арнау ақ парақ.
Біліп жүрсін жер жаһаның ескеріп,
Қалың қазақ бір өзіңмен бар әлемге мақтанады.



Пікірлер (3)

Nazok

Оте керемет

Айым

нагыз акын

Бекзат

Жарайсың!!!! Мұқағали атамыз бір аунап тұрған шығар!!!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз