Бек атты ақын інімнің өлеңін оқығаннан соң туған ой! – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Бек атты ақын інімнің өлеңін оқығаннан соң туған ой!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2257
Қорықпаймын,
Құйындардан мен деген,
Долы соққан дауылы да жеңбеген.
Тағдыр атты,
Ақ кемемді басқарам,
Өмір-теңіз толқындары тербеген.
Бек Жылқыбаев
* * *

Қорықпа інім,
Құйыннан да желден де.
Әлі талай асарың һақ белден де.
Өз жараңды өзің жалап жазғансың,
Алға қарай аяңдай бер, емдел де.
Өмір жайлы сұра інім сен менен.
Алыптарды жыққан өмір,-Мен- деген.
Сол өлеңмен ауырамын аһ ұрып,
Сол өлеңмен аяғында емделем.
Өн бойымды қуанышқа бөлеген.
Көз жасымды көл ететін сол өлең.
Жығылғанда жігер беріп жаныма,
Жүрегімді емдейтін де сол өлең.
Жаны нәзік ақын жүрек жасасын.
Тағдыр солай, одан қалай қашасың?
Өлең сенің ақ қанатты пырағың,
Әлі талай асулардан асасың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері