Өлең, жыр, ақындар

Домбыра

  • admin
  • 04.09.2024
  • 0
  • 0
  • 112
Егіз сәби үніндей іңгәлаған,
Домбыраның әуенін тыңда балам.
Күй сырымен мерейім өсіп бірге,
Онсыз кейде көңілді мұң қамаған.
Арулардың арманы қол жетпеген,
Аналардың мейірімі өбектеген.
Бәрі-бәрі қос ішектен төгіледі,
Қоңыр сазын содан да бөлек көрем.
Ер жігіттің ерлігі ол жасымаған,
Пернесінде сөйлейді жасыл далам.
Құрманғазы, Тәттімбет, Диналардың,
Өзі болып күй шертер ғасыр маған.
Сыр ашады Махамбет, Мәдилерім...
Ұрпағымен ұзартып ән-күйлерін.
Домбырасыз үйімнің сәні келмес,
Домбыра боп, туған жер, әлдилегін..!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нан туралы өлең

  • 0
  • 0

Нан туралы өлең
О, адамдар, айтарым бар,
... Нанды баспаңдар!
Кәрім Сауғабаев

Толық

Қарап көріңіз