Дауасыздық – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Дауасыздық» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 687
Дүние аласапыран.
Астаң-кестең.
(Бұл әлем
Талай-талай аласапыран мен
Талай-талай астаң-кестеңді
Бұдан бұрын да
Талай-талай бастан кешкен).
Бірақ бүгінгі аласапыранның
Түрі жаман.
Үңіліп қарасаң
Үңірейіп тұрған
Түбі қараң.
Түрі жаман.
Тірліктің Күні құлап
Ал Айы
Күл менен қоқысқа
Көміліп батқандай.
Жер шарының ендіктері
Дауылды күнгі
Белдеудей үзіліп,
Бойлықтары
Басқұрдай сөгіліп жатқандай.
Тынық мүхит
Буға айналып,
Солтүстік мұзды мұхит
Суға айналып кетердей.
Сонысымен
Түбімізге жетердей.
Төбемізден
Құдай ұрғандай.
Бүкіл әлемдік сойқан мен
Бүкіл әлемдік дүрбелең
Бүгін-ертең
Басталғалы тұрғандай.
Сондай кезеңде де
Мына адамдар
Басына не келсе
Соны шатып тұр, –
Бір-бірін
Сөздерімен кесектеп,
Бір-бірін –
Жеп қоярдай! –
Көздерімен атып тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауасыздық өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Дауасыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауасыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауасыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері