Жел мен жантақ

Бұл бетте «Жел мен жантақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1550
Бірде гулеп жел тұрып,
Екпіндей кеп ентігіп,
Жапандағы жантаққа
Былай деді желпініп:
– Бұл жерде сен неге өстің?
Айнала тас, белес, құм.
Жазда аптап, қапырық,
Саған жайлы емес тым.
Қыста боран ұлиды,
Бойың кәйтіп жылиды?
Күш-қуатың әлсіреп,
Денсаулығың құриды.
Белес-белес белдер бар,
Жерұйық бір жерлер бар.
Бау-бақшасы жайқалған,
Айдын шалқар көлдер бар.
Қас болмасаң өзіңе,
Илан айтқан сөзіме.
Жүрші, Сол бір жерлерді
Көрсетейін көзіңе.
Салынбады жалтаққа,
Кесіп айтты жантақ та:
– Қанша жақсы болса да,
Бара алмаймын ол жаққа.
Осы жерде тудым мен,
Арасында құмның кең.
Жылу берген жаныма,
Ыстық күнін сүйдім мен.
Жанға жайлы жапаным,
Өзге елде жоқ шатағым.
Ең сүйкімді,
Ең қымбат
Осы жер ғой Отаным!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жел мен жантақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жел мен жантақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жел мен жантақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жел мен жантақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері