Қазақпын! – Арайым Мирамбекқызы

Бұл бетте «Қазақпын!» атты Арайым Мирамбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мен қазақпын!
Қазақстанда туылғам!
Мен азатпын!
Тәуелсіз елде туылғам!
Мен, ержүрек батырлардың ұрпағы,
Мен, ақын, шешендерден тарағам!
Абаймын мен!
Қаламменен даңқым шыққан!
Махамбетпін!
Найзаменен күш сынасқан!
Ыбыраймын!
Алғашқы мектеп ашқан!
Бауыржанмын!
Дивизияны бастап шыққан!
Мәншүкпін, Әлиямын, Ләззатпын мен!
Фашисттерге тік қарап, оғымды атқам!
Кәне, айтшы, білмеймін деп бұл жандарды!
Айта алмайсың, танисың бұл адамды!
Дүниеде танымайтын бізді адам жоқ!
Себебі біз қазақпыз, мәңгі даңқты!
Қазақстан - батырлардың туған жері!
Қазақстан - сұлулардың туған жері!
Қазақстан! Бейбіт халық! Тәуелсіз ел!
Жасай бер, Қазақстаным, гүлдене бер!


Пікірлер (1)

Смағзам Жансұлу

Рахмет көп көп

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақпын! өлеңінің авторы кім?

Арайым Мирамбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Қазақпын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақпын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арайым Мирамбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақпын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар