Тракторшы – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Тракторшы» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2387
Колхозға шықтым тағы да
Көрейін деп аралап,
Асықпай жүріп келемін,
Егістік жерді жағалап.
Үстімдегі кең аспан
Жерге нұрын шашып тұр,
Жамырасып жан-жақтан
Еңбек әнін басып тұр.
Топ-топ анау трактор
Егіс жолын қаптаған.
Қанша мыңдар болса да,
Қалдырмайды аптадан...
Кейде қатар, кейде іркіс
Жерге шимай салып жүр.
Қол тимеген тың жондар
Төңкеріліп қалып жүр.
Адам ғана әмірші
Бұйырып жүр, мініп жүр,
Құдіретіне мәз болып
Миығынан күліп жүр.
Жақындап ем қасына
Тракторшы біреудің,
Көзіме оттай басылды,
Өзі екен ғой Тілеудің.
— Базарсың ба?— деді ол
Бетіне қан жүгіріп.
Мен де қарсы ұмтылдым,
Алқымға сөз тығылып.
Сағыныппыз тым қатты,
Көрмегелі қанша жыл...
Бір кезде Отан солдаты
Міне, алдымда Тілеу тұр.
Маңдайында қос сызық,
Майдан жолы — оқ жолы...
Сәл қисықтау бітіпті
Сол иығы... сол қолы...
Сұрап едім хал-жайын,
Жүзінде нұр ойнады
Күнге тосты мандайын,
Тез сөз айта қоймады...
— Халдың несін сұрайсың!
Жақсы тұрмыс, жақсы күй,
Міне астымда трактор,
Әне қырда біздің үй...
Кеп құрбандар шалынып,
Күшпен жауды жеңіп ек,
Бейбітшілік ұрығын
Сөйтіп елде егіп ек.
Бидай емес ұлы өмір
Жерге егіліп жатқандай,
Құдіретті сұлу болашақ
«Менмін!» — деп тіл қатқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тракторшы өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Тракторшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тракторшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тракторшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері