Газет-журнал – Міржақып Дулатұлы

Бұл бетте «Газет-журнал» атты Міржақып Дулатұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Білесіз дүние жүзі толған халық,
Олардың арасында бар көп парық.
Алты айлық алыс сапар аралары,
Тұрады бір-бірінен хабар алып.
Шашатын сол хабарды газет-журнал
Хал-жайын, шаруаларын түгел жазып.
Жетеді күн батысқа жұмасында
Оқиға күн шығыста болған анық.
һәр жұрттың күзетшісі, көз-құлағы,
Айнадай оқушыға бәрі жарық.
Болса егер қауіп-қатер, жау менен жұт
Білгізер күні бұрын еске салып.
Болмаса газет-журнал білу қиын,
Көзімен көре алар ма һәр кім барып.
Жылында төрт-бес теңге төлеп тұрсаң,
Кісіден сұрамай-ақ болдың қанық.
Қимасаң аз нәрсені, өз пайдаңа,
Есігі өнер-білім саған жабық.
Дүниені жүріп көрмей, естіп білмей,
Жатасың ішің пыспай үйде неғып?


Пікірлер (2)

Клара

Өте әдемі өлең

Клара

Өте керемет өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Газет-журнал өлеңінің авторы кім?

Міржақып Дулатұлы — осы өлеңнің авторы.

Газет-журнал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Газет-журнал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Міржақып Дулатұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Газет-журнал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері