Аяңыздар жетімді
Бұл бетте «Аяңыздар жетімді» атты Міржақып Дулатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 29.04.2015
- 1
- 5
- 11102
Жақсы сізге, балалар,
Қысқы кеште рақат
Жылы үйде жайланып
Отырсыздар көңіл шат.
Ызғарлы боран соқса да,
Терезеге тақ та тақ.
Балапандай ұяда
Уайым жоқ сізге нақ.
Бәріне жұрттың жасаған
Бермеген бірақ түгел бақ.
Толып жатыр жалғанда
Жетім-жесір, ней бейбақ.
Біреулердің шешсін
Ерте алған ләхіт.
Кейбір балалар айрылған
Анасынан бейуақ.
Осыларды, балалар,
Кез келтірсе сізге хақ,
Бірге туған баурыңдай
Еркелетіп бағып, қақ.
оте асерлы олен
Жаман емес өте жақсы екен????
Жақсы екен????????????
Жақсы екен
Рахмет сіздерге бізге бар білгендеріңізді үйреткен жеріңіз не рахмет