Айналдым, ата мекенім – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Айналдым, ата мекенім» атты Жарылқасын Аманұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Айналдым, ата мекенім,
Жыл құсы саған екенмін.
Қанатым талып жетемін,
Қия алмай қайта кетемін.
Жүрген соң сенен қиянда,
Қиянға салған ұямда.
Бабалар өткен бақ мекен,
Бірақ та сені қиям ба?
Қан тамған жерім кіндіктен,
Лебіңді сезем күндіктен.
Кінәлай көрме кетті деп,
Күнкөріс, күйбең тірлікпен.
Өзіңнен бойға дарыған,
Дарын бар, жоқпын арыған.
Өмір боп саған жалғасып,
Өлең боп сенен табылам.
«Туған жер – Қызылжарың деп,
Таза екен, ақын, арың», – деп.
Алда аға, артта іні жүр,
Қамқор боп менің қамым жеп.
Ақ тілек, ата қонысым,
Арысам, бергей қол ұшын.
Ақын ғып тудың сен мені,
Игі де ауыр жол үшін,
Айналдым сенен сол үшін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналдым, ата мекенім өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Айналдым, ата мекенім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналдым, ата мекенім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Айналдым, ата мекенім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері