Күлкімді ой ұрлап – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Күлкімді ой ұрлап» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2251
Сағыныш күбірлер: «Бірдеңе, бірдеңе...»
Сүлесоқ қараймын үлде мен бүлдеге.
Күлкімді ой ұрлап кеткен-ді,
Күні жоқ не деймін шілдеге?
Түсіме ауысып ойым мен түсінік,
Жүре алман Жерде көп жүрегім қысылып.
Өкшелеп қалмайды бір елес
У толы кесесін ұсынып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері