Анамның мерекесі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Анамның мерекесі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мерекесі бүгін,
Алтын анамның.
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Күлімдеген көзің,
Күннің нұрындай.
Ұлым деген сөзің,
Ақын жырындай.
Дүниеде артық,
Жан жоқ анамнан.
Дариядай шалқып,
Ән боп таралған.
Мерекесі бүгін,
Алтын анамның.
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Айналайын ана,
Шаттық күніңмен.
Сыйлайыншы саған,
Дала гүлін мен.
Мерекелі күнің,
Қандай тамаша.
Кеудеңдегі гүлің,
Қалды жараса.


Пікірлер (1)

Жансая

Күштііііііі«✓»

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анамның мерекесі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Анамның мерекесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анамның мерекесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анамның мерекесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері