Қиындықты уақытша деп санайды

Бұл бетте «Қиындықты уақытша деп санайды» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 549
Қиындықты уақытша деп санайды,
Бар менен жоқ қоғамы қайда тарайды.
Әйтеуір ол еңбек етеді біреуге,
Жұмыс берген шекесінен қарайды.
Құқығы жоқ оның баста әуелгі,
Бәрібір ол қожайынға тәуелді.
Парасаты тең тұрған сол азамат,
Өзіндей, тек қалталы оған дәу енді.
Бір ұрпақ, жүздеген ұлт неше миллион
Жасаған қолыменен кеше дүниең
Ғұмыры, өткергені түгел мансұқ,
Патшалар ісі үшін неге күйем?
Таңдантады еткенді ылғи жаман деген,
Қосақтау «измдерді» адамменен,
Бөліп ап ақ-қарасын дәл айтпас па,
Патша ісін шатастырмай заманменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиындықты уақытша деп санайды өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қиындықты уақытша деп санайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиындықты уақытша деп санайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиындықты уақытша деп санайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері