Ақ шағалам – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақ шағалам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 636
Сүйікті бауырым Мәдениеттің қырық жас — мерейтойына

Еркелетіп Мәдет дейміз
Мәдениет атынды.
Ата-анаң танып қойған
Бойда парасатыңды.
Адамдыққа ұя сынды
Аққұба тал бар қалпың.
Баурап тұрар айналаңды,
Мінезің де ақжарқын.
Өзің шағын ақ Шағала,
Ақ пейілің даладай.
Ақ жарыңның адалдығы
Сезімі пәк баладай.
Ұяң — ұжмақ, отың басы —
Ылғи шуақ, жылылық.
Босағанды аттаған жан
Ғибрат алар сыр ұғып.
Жұп көгершін тәріздісің
Отырғанда Қазбекпен
Шуағы мол шаңырағың
Балаусалы мәз көктем.
Алыс-жақын ағайынға
Бүкпесіз ақ жарылдың.
Жақсы-жаман қай күйде де
Адамдықтан табылдың.
Тәнтімін деп мен не дейін
Қанатымдай ақ құсым
Мерейтойыңмен құттықтап,
Айтам жүрек алғысын.
Сенем сенін өміріңе,
Көркейіп нәр қоса алар.
Қос құлының аман болып,
Қосағыңмен қоса ағар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ шағалам өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ақ шағалам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ шағалам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ шағалам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері