Мәмбет пен манжет

Бұл бетте «Мәмбет пен манжет» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1631
— Апрельдің басында,
Екі адам бар қасында,
Директор бір күні
Тракторға келді,
Мәмбетті көрді.
— Кімсің сен?
— Тракторшымын.
— Жөндеу бітті ме,
тракторшы інім
— Табылмай тұр манжет.
— Айтпайсың ба дәлдеп,
Атың кім өзіңнің,
Берекесі жоқ сөзіңнің!
— Тұрымтаев Мәмбет,
— Поршень ба, шатун ба?
Білмейсің антұрған,
атын да.
Ондай трактордың
бөлшегі болатын ба еді
— Майды жөнге салатұғын,
Ол болмаса май жүрмей қалатұғын.
Құны отыз - ақ тиын,
Бірақ, табуы қиын,
Былайша айтқанда резинка тығын,
Болмашы ғана шығын.
— Шығынды айтқанша,
Керегіңді айт.
Табылмай тұрған
Бөлегің айт.
Помпоның ар жағында,
Сальниктің бер жағында,
Корпусты ашқанда...
Крыльнатканы басқанда,
Фейбр бар ғой, Фейбр...
— Құдайдың өлімі келген,
Бар - дағы разносканы тексерт,
Бухгалтерге де ескерт.
Директор инженерді шақырды,
Инженер механикке ақырды.
Бірі - біріне бұйырды,
Әңгіме аяғы сұйылды.
Сөйтіп әңгіме манжетте қалды.
Бар ауыртпалық Мәмбетте қалды.
Мәмбет қалаға шапты,
Манжет таусылып қапты,
Мәмбеттің тракторы тұрып қалды
Манжет табылмай құрып қалды.
Бәрі Мәмбетті шақырды,
Бәрі Мәмбетке бақырды.
Кім айыпты? — Мәмбет болды.
Табылмаған манжет болды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәмбет пен манжет өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Мәмбет пен манжет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәмбет пен манжет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәмбет пен манжет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері