Өлең, жыр, ақындар

Арыстан мен маса

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1985
Күлме күшсіз кішіге,
Әлсіздерге тимегін!
Түбі қатты қайтарады бір кегін,
Сондықтан да, сене берме күшіңе.
Зорлық жайлы бұл мысалды тыңдасаң,
Арыстанды жазалапты бір Маса.
Сырт естіген әңгіменің нышаны:
Масаны тым жек көріпті Арыстан,
Сонда Маса ыза буып намыстан
Соғыс ашып, Арыстанға ұшады.
Әнші сарбаз қиқу салып, ойқастап,
Арыстанды шақырады шайқасқа.
Күлді Арыстан, Маса бірақ шындады,
Кернейлетіп, ызыңдап бір тынбады:
Көз, құлаққа, желкеге де қонған-ды,
Бүркіттейін құйылып,
Қадалды кеп тұмсығына шүйіліп,
Арыстан да құйрығымен қорғанды.
Шапшаң Маса қорықпады, бірақ та,
Қанын сорды, жабысты да маңдайға,
Арыстан дәу сілкінді кеп ондайда.
Біздің батыр сол бойда
Мойынға бір, қонды бірде құлаққа.
Арыстан жынданды,
Өкірді, ыңыранды.
Сықырлатып тістерін,
Жер тырнады күштеніп.
Қатты айқайдан орман-тоғай дірілдеп,
Інді-ініне тығылды аңдар біріндеп:
Бәрінің де безек қағып аяғы.
Аң біткенді тым-тырақай жосытқан,
Шошытқан
Өзіміздің Маса ғой бұл баяғы.
Әлі бітіп Арыстан, жерді сүзе құлады,
Жан сауғалап, бейбітшілік сұрады.
Ахиллестей менменсінген мықтыны
Момақан қып ықтырып,
Өз жеңісін мадақтап,
Кетті Маса тоғайларды адақтап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нан мен балалар

  • 0
  • 0

Балалар мұрнын шүйіріп,
Қарамай нанға шулады.
Тас жұтқан жақсы түйіліп,
Деп олар текке тулады.

Толық

Жаңа жыл – наурыз

  • 0
  • 0

Мерекеміз Наурыз –
Халық күткен бақ-ырыс.
Адамдардың аңсары,
Бір-біріне сағыныш.

Толық

Қыз сағынышы

  • 0
  • 0

Әке, мені наздана көркем еттің,
Әке, мені аз ғана еркелеттің.
Сағым қуған сапарға аттандың ба?
Неге сонша біздерден ерте кеттің?

Толық