Солдат сәлемі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Солдат сәлемі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1868
Туған жерден жырақта
Ауылды аңсап жатырмыз.
Бұл күндері, бірақ та,
Бала емеспіз, батырмыз.
Күзетеміз ананы,
Шат күлкісін сәбидің.
Күзетеміз қаланы,
Тыныштығын әр үйдің...
Біз – Отанның мақтаны,
Біз – Отанның тірегі.
Жауынгерміз саптағы,
Ел деп соққан жүрегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері