Бұл бетте «Туған күн» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен туған күн қуантып бәрімізді,
Шарықтатты салтанат – сәнімізді, замандас.
Ақтарылып жүректен – ақ тілектер
Асқақтатты әдемі әнімізді, замандас.
Қайырмасы:
Құтты болсын туған күн,
Шарықтасын думанды үн
Арта берсін абырой,
Арман, мақсат қуған күн, замандас
Тірлігіңе тілейміз адамдықты,
Серік қылған сенімді адалдықты, замандас.
Алау етіп шындықты, жалау етіп,
Ар алдында бола біл қамал мықты, замандас.
Қайырмасы
Туған күнің тойлана берер тағы,
Думандатып дос-жаран келер тағы, замандас.
Бақыт пенен бөлесін шабытқа ерен,
Өміріңнің әрбір сәт, келер таңы, замандас.
Қайырмасы
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі