Бірінші желдірме – Иса Байзақов

Бұл бетте «Бірінші желдірме» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 12898
Ал, алқа, келді кезің жайнайтұғын,
Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын,
Өнердің қиясына шыққан сайын,
Болаттай тастан табан таймайтұғын.

Жөнелдім желдірмемен желдей есіп,
Қырандай аспандағы талмайтұғын!
Тізейін өлеңімді меруерттей;
Есінен жұртшылықтың қалмайтұғын.

Дабылы дауылпаздай шарықтаған,
Екпіні самолеттей заулайтұғын.
Талапты жастарымыз үйреніп ал,
Ән еді желдірме атты самғайтұғын.

Құлаштап өлеңіммен шарықтаймын,
Қарыштап шапқан сайын жалықпаймын
Гүлденген күннен-күнге Отанымның,
Өскенін айтқан сайын анықтаймын.

Шаттықтың желдірмесі, міне, қандай,
Құйылған үсті-үстіне үні талмай.
Талапты өнерпазы заманымның
Тасқыны өрге жүзген дәл осылай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері