Ақ көңілім ақ өлең боп төгілді
- 0
- 0
Сезім сауыт тұрған кезде лық толып,
Қағазыма жатты жырдан шық қонып.
Терезенің ар жағында аппақ қар,
Қол бұлғайды дегендей-ақ шық, жолық!
Бұл бетте «Сезім» атты serzhan0101 жазған махаббат туралы өлең берілген.
Сезім сауыт тұрған кезде лық толып,
Қағазыма жатты жырдан шық қонып.
Терезенің ар жағында аппақ қар,
Қол бұлғайды дегендей-ақ шық, жолық!
Шаршадым дейсің бе?
Шаршамай жүрген бар ма екен адам,
Бассаң да дұрыс, түп-түзу қадам,
Көре алмай жүрсің өскенін бағаң.
Сұрша бұлттар желкілдетсе жалауын,
Күн тығылып көрсетпейді танауын.
Сары күзге қарап қойып әйнектен,
Қаймақ қосқан ыстық кофе қалауым.
Жер бетіне нұр шашқан Күн киелі,
Жарық Ай да қараңғы түнді иеді.
Көріп тұрып көзіммен қуанамын,
Мынау ғажап, жап-жарық дүниені.
Қимастықтан көңілде туады аңыз,
Ауысқанда мезгілдер жұбанамыз.
Ақ қарымен балаша қауышсақ та,
Қыс біткенде ел болып қуанамыз.
Жаз да кетті елес боп әр ақпары,
Тамыздың да таусылды парақтары.
Жайма шуақ күндерді шығарып сап,
Қайтқан құсқа қалыпты қарап бәрі.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі