Ақ көңілім ақ өлең боп төгілді,
Сезім сауыт тұрған кезде лық толып,
Қағазыма жатты жырдан шық қонып.
Терезенің ар жағында аппақ қар,
Қол бұлғайды дегендей-ақ шық, жолық!
Еліктірген аппақ әлем, аппақ түн,
Шабытымды сары аязға сақтаппын.
Ақ көңілім ақ өлең боп төгілді,
Құмармын-ау өзім де сол аққа тым.
Шыршалар да жамылыпты ақ шәлі,
Аппақ қыстың шырқалады жақсы әні!
Жаңа түскен келіншектей көз тартып,
Иіліп тұр, олардың да ақ сәні!
Қаңтар түні Айсыз, сүттей жап-жарық,
Көктен, сірә, төгілген-ау ақ мамық.
Түнгі шаммен шағылысқан ақ қарға,
Жан сырымды тұрдым мен де ақтарып.
Жылдар, сенің өткендігің анық-ты,
Албырт шақты ақ қар еске салыпты.
Әттең-әттең, қарға аунап ойнайтын,
Бала күнім жасырынып қалыпты.
Айгүл Қадыр
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі